Еліміздің үш қаласында діни радикалды топ мүшелері ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана, Атырау және Жезқазған қалаларында радикалды діни топ мүшелерін ұстады.
Тергеу болжамы бойынша, олар Қазақстандағы зайырлы құрылымды құлатуды көздеген. Ол үшін экстремистік идеологияны таратқан және қатарларына жаңа жақтастарды тартқан. Топтың бірқатар мүшелері полиция қызметкерін өлтіру, бандитизм, қарақшылық, тонау және зорлау секілді ауыр қылмыс жасағандары үшін бұрын сотты болғандар. Тінту барысында тыйым салынған әдебиеттер мен басқа да дәлелді заттар табылған.