Жедел штаб: Қостанайда жарылыстан үш адам қаза тапты

Қостанайдағы техникалық қызмет көрсету орталығындағы жарылыстан кейін үйінді астында қалған алтыншы адамның денесі табылды.

Бұл туралы жедел штаб хабарлады. Опырылып түскен ғимарат орнында бұған дейін алты жұмысшы болғаны хабарланған. Яғни осы кезге дейін бәрі шығарылды. Өкінішке орай, үшеуі көз жұмды. Үшеуі ауруханада. Бірі ауыр халде. Ер адамның миы жарақаттанған. Мамандар құтқару жұмыстары қиынға соққанын айтады. Үйінді астында қалғандарды аман алып шығу үшін төтеншеліктер ғимараттың әр құрылымын өте мұқият бөлшектеген. Жарылыстың дүмпуі 280 шаршы метр аумаққа жетіп, бір қабатты ғимарат құлады. Оқиға орнында жедел әрекет ету қызметінің 200 маманы жұмыс істеп жатыр.