Қарағандыда алты көлік өртеніп кетті

Қытымыр аязға көліктер де шыдас бермей жатыр.

Көлік иелері темір тұлпарын жылыту үшін қатты аязда ашық от қолданған. Одан бөлек, электр сымының тұйықталуынан от тұтанған. Сөйтіп, Қарағанды облысында өткен демалыс күндері 6 темір тұлпар өртеніп кетті. Әсіресе ескі автокөліктерде ақаулық көп болады, дейді мамандар. Жыл басынан бері облыста 145 көлік өртеніп кеткен. Барлық жағдайда қауіпсіздік ережелері сақталмаған.

Елдос Кеңесов, ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері:

- Өрттің себебі авто от алдыру себебінен болып жатыр және  көлік от алмағандықтан ашық күйінде отты қолданудан болады. Статистикаға сүйенсек былтырмен салыстырғанда биылғы көліктің жануы бірдей көрсеткіште.