Жезқазғанда су құбыры жарылды
Жезқазғанда кешеден бері бірнеше шағын аудан ауыз сусыз отыр.
Бұған су құбырындағы апат себеп. Қазір тұрғындарға тіршілік нәрі арнайы көлікпен жеткізіліп жатыр. Судан тарыққан абоненттер саны шамамен 150-ден асады. Басым бөлігі жеке секторларда орналасқан. Бұған қоса облыстық көпсалалы және жұқпалы аурулар ауруханасында ауыз су қысымының төмендегені байқалады. Апаттың себебін анықтап, қалпына келтіру үшін арнайы штаб құрылды.
Ұлантай Үсенов, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары:
- Солтүстік водовод дейміз біз өзіміздің атауымызша. Мынау Алашахан даңғылы арқылы өтетін Байқоңыров көшесімен қиылыста ескі тұрбамен жаңаның қосылған жерінде апаттық жағдай болып тұр. Бүгінгі таңда енді жөндеу жұмыстары мердігермен қоса апаттық аймақта басталады. Өйткені орнын біз таптық. Соған керек құрал-жабдықтар мен мамандарды сол жерге тартып жатырмыз.