Ақмола облысында үш ауылдың жолын су шайды
Ақмола облысының Астрахан ауданындағы үш ауылдың жолын су шайып кетті.
Колутон, Қоскөл және Ескі Колутон елді мекендеріне тек қайықпен жетуге болады. Астрахан ауданындағы қазіргі ахуал қалай?
Абзал Балтабаев, тілші:
- Астрахан ауданындағы Ескі Колутон ауылы бағытындағы жолда тұрмыз.
Бұл жерде қызыл су жолды бұзып кеткен. Қазір құтқарушылар ауылдағы 500-ге жуық тұрғынға қажетті заттарды қайықпен жеткізіп жатыр. Қарғын судың қарқыны бәсеңдесе ауыл жолы жөнделіп, көлік қозғалысы қайта жаңданады. Еске сала кетсек, осыдан бірер күн бұрын Қалқұтан өзені арнасынан тасып жүздеген үйді басып қалды. Қазір өзен деңгейі біртіндеп түсіп келеді, дейді мамандар. Осы ретте аудан әкімі Талғат Ерсейітовты тыңдап көрсек.
Талғат Ерсейітов, Астрахан ауданының әкімі:
- 4 метр 700 сантиметрге су көтерілді. Бүгінгі күні 4,40 метрге түсті су. Біз ауылдардан 180 адам эвакуция жасадық. Қазір көбісі Астрахан ауылында. Училищеге орналасқан. Тамақ пен жатар орындары бәрі бар.
Жалпы аудан бойынша үш эвакуациялық пункт қарастырылған. Қазір халық біртіндеп үйлеріне оралып жатыр. Сонымен бірге аудан әкімі тасқыннан зардап шеккендерге мемлекет тиісті көмек көрсетінін айтты. Арнайы комиссия құрылып, шығын көлемі есептеліп жатыр.