Сергеев су қоймасы тасып жатыр
Петропавл қаласында жағдай әлі күрделі.
Сергеев су қоймасы 151 пайызға толы. Бөгет үстінен ағып жатқан судың деңгейі 2 метр 75 сантиметр. Салдарынан Есіл өзеніне жақын орналасқан елді мекендер мен Петропавл қаласындағы үйлерді су басып жатыр. Қазіргі уақытта облыс бойынша 2 мың 122 үй мен мыңнан астам аумаққа су кірген. Ахуал әсіресе Қызылжар ауданының Тепличный, Прибрежная кенттерінде күрделі. Ол жақта 500-ден астам үйді су басып, 2 мыңнан астам эвакуацияланған. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, алдағы 1-2 күнде су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін.
Жазира Қожахметова, СҚО Төтенше жағдайлар департаменті ақпараттық-аналитикалық тобының бас маманы:
- Жалпы облыс бойынша 10 мың 345 адам эвакуцияланды. Олардың 2 мыңнан астамы балалар. Тек осы тәулік ішінде ғана 2947 адамды көшірдік қауіпсіз жерге. Олардың 448-і бала.