Астана тұрғыны «жедел жәрдем» қызметкеріне пышақ ала жүгірген

«Жедел жәрдем» қызметкері бір ажалдан қалды, деп хабарлайды 24KZ.

Астана тұрғыны шақыртуға келген фельдшерге пышақ ала жүгірген. Ал «жедел жәрдемді» әйел адам көмек сұрап шақыртқан екен. Сол мекенжайға келген дәрігерлерге мас жігіт соқтыққан. Ол фельдшердің біріне пышақ тіреп, бөлменің есігін жауып алған. Осы кезде өзге мамандар полицияға хабар береді. Полиция Астананың 25 жастағы тұрғынын ұстады.