АҚШ-тан «көлік жеткізумен айналысқан» алаяқ экстрадицияланды
Біріккен Араб Әмірліктерінен ірі алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды.
Күдіктіні елге әкелу Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлерінің бірлескен жұмысы барысында жүзеге асты. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, 2010 жылдың қазан айында күдікті жәбірленушіні АҚШ-тан қымбат автокөлікті 50 млн теңгеден астам қаржыға жеткізіп беремін, деп алдап қашып кеткен. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздеу жарияланған болатын.
Әсел Берқалиева, ҚР Бас прокуратураның өкілі:
- Күдікті құқық қорғау органдарынан 10 жылдан астам уақыт шетелде бой тасалаған. Енді бұл қылмысы үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Іздеушіні экстрадициялау Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы дайындаған 2009 жылғы қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімнің арқасында мүмкін болды.