Қазақстанның төрт өңірінде синтетикалық есірткі зертханалары жойылды

Полицейлер еліміздің 4 өңірінде синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды 24kz.

Ұсталғандар елдің әр аймағында жалған кәсіпорындар ашып, қоймалар жалдаған. Мәселен, Өскемен қаласында жиһаз бизнесінің атын жамылып, синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған жергілікті тұрғын ұсталды. Тексеруден кейін оның Қостанай, Петропавл қалалары және Алматы облысындағы ұқсас зертханалармен, байланысы бар екені анықталды. Осылайша, полицейлер бір мезетте бірқатар өңірде операция жүргізіп, синтетикалық есірткінің 11 мыңға жуық дозасының таралуына тосқауыл қойды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6 келіден астам синтетика айналымға жіберілмеді, 4 тоннаға жуық прекурсор тәркіленді.