Атырауда 7 жасар қызды ескерткіш басып қалды
Атырауда 7 жасар қыз бала ескерткіштің астында қалып мерт болды.
Оқиға кеше кешкісін облыс орталығындағы «Жеңіс» саябағында болған. Ата-анасымен серуендеп жүрген 2015 және 2017 жылы туған екі бүлдіршін нөсер жаңбырдан қорғанып, ескерткіштің панасына тығылған. Алайда түбі босап тұрған, тоннаға тарта ауыр бюст опырылып, 3 адамның үстіне құлаған. Салдарынан 7 жасар қыз ауыр жарақаттан көз жұмып, әкесі мен ағасы ауруханаға жеткізілді.
Ержан Есболаев, облыстық балалар ауруханасы басшысының орынбасары:
- 7 жасар пациентіміз ауыр дене жарақатымен реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайының ауырлығына, жарақаттың күрделіліген байланысты бала шетінеді. Екінші пациентіміз травмпунктте қаралды. Қолдың жабық сынығы және ауыз қуыс тілдің жарақатына және бет жарақатына байланысты ем көрсетілді.