Жаңатас қаласын су басты

Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласын су жайлап кетті, деп хабарлайды 24KZ.

Кеше түс ауа басталған толассыз жауын салдарынан 47 үй, 1 әлеуметтік нысан мен 400 ауланы су басты. Осыған байлаынсты аудандық маңызы бар Жаңатас-Саудакент жолын уақытша жабуға тура келді. Жергілікті атқарушы орган, құтқарушылар мен полицейлерден құралған 230-дан аса адам түні бойы ағын сумен күресіп, қауіптің бетін қайтарды. Бұл жұмыстарға 53 техника, 24 мотопомпа мен дрон пайдаланылды. Зардап шеккендер жоқ. Төрт түлік пен дүние мүлікке келген залалды арнайы комиссия анықтайды.

Арман Тоқанов, облыстық ТЖД бастығы:

- Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Мал шығыны жоқ. Зардап шеккен халықты қабылдау үшін М. Әуезов мектебінде 45 орын және орталық ауруханада 60 орын дайындалды.