Кеңселерден ақша ұрлаған ұрылар ұсталды
Елімізде коммерциялық ұйымдардың кеңселерінен ақша ұрлаған бір топ қылмыскер ұсталды.
Анықталғандай, олар тек Астанада емес, Тараз қаласындағы кеңселерде де ұрлық жасаған. Күдіктілер әр қылмысқа мұқият дайындалып, бейнебақылау камераларына қарамастан әрекет еткен. Келтірілген шығын 13 миллион теңгеден асады. Қылмыскерлер арасында Атырау, Алматы және Түркістан облыстарының үш азаматы бар. Айта кетейік, оларды ұстау операциясы Астана қаласы мен Жамбыл облысы полицейлерінің бірлескен іс-қимылының нәтижесінде жүзеге асты.