Бір топ адам көліктерді заңсыз есепке қою арқылы 1,5 млрд теңге шығын келтірді
Павлодар облысында бір топ адам жүк көліктерін заңсыз есепке қою арқылы мемлекетке 1,5 млрд теңгеден астам шығын келтірді.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметі бойынша 2021 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында "пысықайлар" 150-ден астам техниканы бастапқы тіркеуге заңсыз қойған. Яғни алым төленгені туралы жалған түбіртектерді пайдаланып, ақпараттық жүйеге енгізген.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Соттың санкциясымен барлық заңсыз тіркелген көлік құралдарына тыйым салынды. Күдіктілерге қатысты «қамауда ұстау» және "үй қамаққа алу" түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.