Қазпошта кассирлері ₸84 млн жымқырған

Алматы облысында «Қазпошта» бөлімшесінің кассирлері 84 млн теңгені жымқырған.

Қызметкерлер жымысқы әрекет арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін жасалған төлемдерді иемденген. Қазір істің мән-жайы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі мен облыстық прокуратура сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізіп жатыр.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- Тергеп тексерумен Алматы облысы Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде қызмет көрсететін «Қазпошта» АҚ кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында паспорт және жеке куәлікті рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп отырғандығы анықталды. Көші-қон қызметіне баж соммасы жайлы көрінеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 млн теңгеден аса шығын келтірген.