Жылқы қырылғаны туралы ақпарат жалған болып шықты

Қарағанды облысындағы Бұхар ауылдық округіне қарасты Төрткөл ауылында белгісіз аурудан жылқы

қырылып жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұған дейін әлеуметтік желіде осындай ақпарат тараған еді. Құзырлы ведомство бұны жоққа шығарады. Мамандардың айтуынша шаруа қожалықтарының бірінен бір бас жылқы өлген. Бірақ ауру анықталмаған.

Марат Мұхтаров, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің биологиялық қауіпсіздік басқармасының басшысы:

- Жануарға клиникалық тексеру жүргізілді және жануарлардың аса қауіпті ауруларының белгілері анықталған жоқ. Өлген жылқының мәйіті жойылды. Оқиға орнында механикалық тазалау және дезинфекциялау жұмыстары жасалды. Үй иесіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Бұқар жырау ауданында жануарлардың жаппай ауруы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айтқым келеді.