Балқашта 18 адам уланды
Балқаш қаласындағы «ДОСЖАН» отбасылық демалыс орнында 18 адам уланып, аруханаға түсті, деп хабарлайды 24KZ.
Арасында балалар да бар. Оларға жұқпалы аурулар бөлімінде ем көрсетіліп жатыр. Барлығы ішек инфекциясын жұқтырған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы орташа ауыр. Облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары мән-жайды анықтап жатыр.
Айгүл Шатекова, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
- Санэпид бақылау департаментінің қызметкерлері арасынан бригада құрылып, Балқаш қаласына іссапармен шығу жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта зертханалық зерттеулер жүргізумен қатар тергеу шаралары басталды. Материаладар процессуалдық шешім қабылдау үшін Балқаш қалалық полиция бөліміне берілді.