Атырауда балабақшадағы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Атырауда балабақшада бүлдіршінге қол көтеру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды 24kz.

Оқиға жергілікті мектепке дейінгі ұйымдардың бірінде болған. Баланы тәрбие ошағына бергелі көп уақыт өтпепті. Анасы алғашқы күндері-ақ қыздың денесі көгеріп, ерні ісіп келгенін байқаған. Ол дереу бейнебақылау камераларындағы жазбаны сұратып, жаға ұстатарлық көрініске куә болады. Алайда бүлдіршінді ұрып-соққан қызметкер байланысқа шықпаған. Облыстық полиция департаменті аталған оқиға бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.