СҚО-да қызын пышақтады деп күдікке ілінген әйелге қатысты тергеу басталды
Солтүстік Қазақстан облысының Өндіріс ауылында анасы үй тапсырмасын орындамағаны үшін қызын пышақтады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды 24kz.
11 жастағы жеткіншек бірден аудандық ауруханаға жеткізіліп, шұғыл операция жасалды. Қазір науқас облыс орталығындағы ауруханаға ауыстырылып, жансақтау бөлімінде жатыр. Осыған байланысты комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды. Анасына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Александр Гассман, облыстық көпбейінді балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы:
- Қазір науқастың жағдайы ауыр. Бірақ өміріне ешқандай қауіп жоқ. Есін біледі. Жағдайы жақсарған соң профильдік бөлімшеге ауыстырылатын болады.