Аягөзде жұмысқа енді қабылданған әскери қызметші көз жұмды
Бұл жолы офицер тұрғылықты үйінде суицид жасап, асылып қалған.
Аягөз гарнизоны өкілдерінің хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше жұмыстан тыс уақытта болған. Қазір осыған қатысты қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Марқұм бұл қызметке Қызылордадағы Жоғары оқу орнын бітіріп, әскери кафедрасын аяқтап келген. Жұмысын 9 қыркүйекте бастаған. Бүгін жауапты ведомство өкілдері әскердегі қауіпсіздікке қатысты арнайы брифинг өткізеді.