Ақмола облысында ірі есірткі арнасы жойылды
Ақмола облысында зиянды заттармен байланысты тағы бір қылмыс анықталды, деп хабарлайды 24kz.
Тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан 34 келіге жуық марихуана тәркіленді. Дайындалған синтетикалық заттардың қара нарықтағы құны 34 млн теңге. Одан бөлек, 5 млн теңге болатын 2 келіден астам гашиш табылды. 54 жастағы ер адам есірткіні тек өз үйінде ғана емес, жалға алынған жертөледе де сақтаған. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.