Қарқаралыда өрт сөндіруші опат болды
Қарқаралыда болған өрт кезінде нөмірі 24-ші өрт сөндіру бөлімшесінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы 33 жастағы Хали Қайрат опат болды.
Сержант азаматтық қорғау орындарында 2014 жылдан бері қызмет еткен. Осы оқиға бойынша қазір тергеу басталды. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушінің туыстарына қайғырып көңіл айтады.