«Саран» шахтасында үш кенші мертікті

Қарағанды облысындағы «Саран» шахтасында үш кенші жұмыс кезінде мертікті, деп хабарлайды 24kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, бір кенші ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қалғандары амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Полиция кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережесінің бұзылу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуге кірісті. Қазір оқыс оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр.

Берік Төлеубаев, Х.Ж.Макажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматология орталығының басшысы:

- Бір науқас көп жарақатпен түсті. Түскен бетте бүкіл қажет ем-шаралар қолданды. Операция жасалды. Қазіргі кезеңде науқастың жағдайы тұрақты. Бүкіл керекті ем-шараларды алып жатыр.