Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

Ақтөбе облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі азамат сотталды, деп хабарлайды 24kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, күдіктілер өздерін «World Business Consulting» атты халықаралық инвестициялық компания өкілдері ретінде таныстырып, Ақтөбеде презентациялар өткізген. Жиын кезінде олар тиімді пайызбен несие рәсімдеу, әлемнің кез-келген елінен мал-мүлік алу, инвестиция туралы ақпараттармен халықты қызықтырған. Жаңа салымшыларға ай сайын сыйақы берілетінін айтып, алдаған. Ақыры 60 млн теңгені қалтаға басқан. Зардап шеккен азаматтардың ақшасы толық қайтарылды. Ал қос алаяқ шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айырылды. Жалпы жыл басынан бері қаржы мониторингі агенттігі осыған ұқсас 62 қылмыстық іс теркеген. 53 адамға қатысты 35 сот үкімі шығып, дені 9 жылға дейін түрмеге қамалды. 20 млрд теңге мөлшеріндегі залалдың 13 млрд-ы өтелді.