Рудныйда жылу құбыры жарылды
Рудный қаласында құбыр жарылып, 200-ге жуық жеке сектор жылусыз қалды.
Сонымен қатар Строительный көшесіндегі жылу тарату желісінде ақау пайда болды. Қазір апат орнында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. «Түске таман барлық үй жылуға қосылады», - дейді қалалық әкімдік өкілдері. Былтыр кеншілер қаласында жылу желісі бес рет жарылған. Соңғы екі жылда жөндеу жұмыстарына 16,5 миллиард теңге бөлініп, 34 шақырым жылу құбыры ауыстырылды.