Мемлекет басшысы ОСК төрағасын қабылдады
![Мемлекет басшысы ОСК төрағасын қабылдады](/media/k2/items/cache/1bfa80a5983e050b4c1c2440e7878919_XL.jpg)
Президентке Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясы жұмысының қорытындылары жайлы мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Нұрлан Әбдіров сайлау жүйесін жетілдіру және сайлау органдарының кәсібилігін арттыру бойынша Орталық сайлау комиссиясының атқарып жатқан жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.