Мемлекет басшысы Сингапур президентін I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
![Мемлекет басшысы Сингапур президентін I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады](/media/k2/items/cache/be05c54aed866a4dff19f11d4b418685_XL.jpg?t=20230522_085944)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Президенті Халима Якобқа I дәрежелі «Достық» орденін табыс етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Марапаттау рәсімінде Мемлекет басшысы Сингапур Президентінің екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Өз кезегінде Сингапур Президенті Халима Якоб көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді.