Ердоған Қазақстан халқына көңіл айтты
![Ердоған Қазақстан халқына көңіл айтты](/media/k2/items/cache/bdeb78a03e4275e2897c991b527866d0_XL.jpg?t=20230612_121407)
Он төрт адамның өмірін жалмаған Абай облысындағы алапат орман өртіне байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған да ел халқына көңіл айтты.
Ол бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, қайғыға ортақ екенін жеткізді. Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.