Е. Қарин Мәжілістегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Мәжілістегі 6 саяси партияның фракция жетекшілерімен кездесті.

Жиында мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда көтерген бастамалары мен тапсырмаларын жүзеге асыру талқыланды. Мемлекеттік кеңесші Президенттің жаңа бастамаларын орындау үшін заңнамалық тұрғыдан қолдау қажет екенін, бұл іске депутаттық корпустың белсенді араласуы керектігін атап өтті. Өз кезегінде Парламенттегі фракция жетекшілері жаңа жалпыұлттық бағыт-бағдарға қатысты өз ұсыныстарын айтты.