Қазақстан мен Қырғызстан Премьер-министрлері кездесті

Таразда Қазақстан мен Қырғызстан Премьер-министрлері келіссөз жүргізді.

Әлихан Смайылов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаровтың қатысуымен қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 11-ші отырысы өтті. Шағын және кеңейтілген құрамда өткен келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Үкіметаралық кеңестің негізгі тақырыптары сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, суды пайдалану және энергетика саласындағы өзара іс-қимыл, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіп кешеніндегі кооперациялық жобаларды іске асыру, транзиттік-көлік әлеуетін дамыту, туризм және мәдениет салаларындағы бірлескен бастамалар болды.