Түркі мемлекеттері ұйымы елімізді мерекемен құттықтады
![Түркі мемлекеттері ұйымы елімізді мерекемен құттықтады](/media/k2/items/cache/4b419c3e3f207290d7a26d16bb36d7e1_XL.jpg?t=20231025_033832)
Алыс-жақын елдермен қоса Халықаралық қауымдастықтар да қазақ елін Республика күнімен құттықтады. Солардың бірі, Түркі мемлекеттері ұйымы. Еліміздің бастамасымен құрылған ұйым- бүгінде түбі бір түркі жұртының басты интеграциялық мекемесі.
Кубанычбек Омуралиев, Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысы:
- Түркі ынтымақтастығы бас ұйымы құрылымының бастамашысы - Қазақстанның негізін қалаған Қазақстанның мерекелері аса маңызды. Осы орайда, баршаңызды Қазақстан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бауырлас Қазақстан халқына өркендеу мен бақ- береке тілеймін. Астанада Түркі мемлекеттерінің басшыларының 10-шы саммиті бауырлас мемлекеттерінің игілігіне өтетінін сеніміміз мол.