Қазақстанға Түркия президенті келді
![Қазақстанға Түркия президенті келді](/media/k2/items/cache/ff1893b1f3c37c8b9640fd6a8090c56d_XL.jpg)
Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәртебелі мейманды елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді. Оған ТМҰ-ге мүше Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстанның көшбасшылары қатысады.