«Астана» өңірлік қолбасшылығының басшысы ауысты
![«Астана» өңірлік қолбасшылығының басшысы ауысты](/media/k2/items/cache/f96a8cf49b0f625de05b6f4877b64c8e_XL.jpg)
Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Уақасұлы Ыбыраев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды. бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.