Қазақстанның батыс аймағын нығайту мақсатында жаңа электр желілері іске қосылды
Атырау облысында Қазақстанның батыс аймағының электр желілерін нығайту мақсатында салынған жаңа электр желілері іске қосылды.
Ресми қосу рәсіміне телекөпір арқылы Қазақстан Республикасының Премьер- министрі Әлихан Смайылов қатысты. Жұмыс барысында 4 мыңнан астам электр бағаналары орнатылып, жалпы ұзындығы 780 шақырымға жуық бес электр беру желісі салынды. Жобаны іске асыру нәтижесінде электр желісінің қуаттылығы айтарлықтай ұлғайтылып, апат ықтималдығы төмендеді. Әлихан Смайылов өз сөзінде бұл стратегиялық маңызды жобаның батыс аймағының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономикалық дамуы үшін маңызы зор екенін атап өтті.