Қ. Тоқаев үстел теннисі орталығына барды
Елорда нысандарын аралау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ADD Table Tennis Center Astana үстел теннисі орталығының жұмысымен де танысты.
Нысанда республикалық және халықаралық турнирлер өткізуге, сондай-ақ еліміздің ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға болады. Орталық жарыс кезінде 16, ал жаттығу кезінде 26 теннис үстелін қоюға лайықталған.