Қ. Тоқаев Э. Макронмен кездесті
Мемлекет басшысы Нью-Йорк төрінде Франция Президенті Эмманюэль Макронмен кездесті.
Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастық жайы сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Францияны Еуропа Одағындағы сенімді әрі басты серіктесіміз екенін атап өтті. Әңгіме барысында тараптар энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау салаларындағы бірлескен жобалардың табысты іске асып жатқанын да айтты. Сондай-ақ мәдени байланыстардың дамуы сөз болды. Президенттер геосаяси мәселелер жөнінде де пікір алмасты.