Қ. Тоқаев Финляндия президентімен кездесті 

Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен де келіссөз жүргізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб екі жақты және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады. Қазақ басшысы жоғары деңгейдегі жемісті саяси диалог екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруда маңызды роль атқаратынына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия басшысының Қазақстанға жасайтын алдағы сапары қос елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық әлеуетін танытуға ықпал ететініне сенімді екенін айтты. Сондай-ақ кездесуде әлемдегі қазіргі геосаяси ахуалға баса мән берілді.