Қ. Тоқаев Германия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.
2025 жылғы 03 қазан
Мемлекет басшысы Президент Франк-Вальтер Штайнмайерді Германия бірлігі күнінің 35 жылдығымен құттықтады.
Президент бүгінде Германия әлемдік аренада беделді әрі ықпалды мемлекет саналатынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.