ЖИ арқылы киберқауіпсіздікті сақтау
Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні қолдана отырып, киберқорғауды қамтамасыз ету және киберқылмысқа қарсы тұру мәселелері бойынша шаралар қабылдау өзекті екенін де айтты.
Президенттің пікірінше, қауіпсіздікті қамтамасыз ету – маңызды мәселенің бірі. Қазір халықаралық жағдай күрделі әрі сәт сайын құбылып тұр. "Қазақстан үшін терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру маңызды міндет саналады. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің заңсыз айналымы алаңдаушылық туғызып отыр. Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының бірлескен жұмысын "Орталық Азия – Ресей" форматында жалғастыру қажет ", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.