Google-дың ЖИ қызметіне қарсылық күшейді

АҚШ-тың білім беру ұйымдары Google-дың іздеу жүйесіндегі жасанды интеллект функциясына қарсы шықты, деп хабарлайды 24KZ.

Тіпті компания өнімдерін пайдалануды тоқтатып, басқа платформаларға көшуге дайын. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады. Мұғалімдер ЖИ оқушыларға тапсырманы өз бетінше орындауға кедергі келтіреді деп алаңдайды. Google іздеу жүйесінде қолданушы сұрағына жасанды интеллект арқылы дайын жауап беретін функция бар. Ол жауап іздеу нәтижелерінің ең жоғарғы жағында көрсетіледі. Қыркүйекте Нью-Йорк пен Лос-Анджелестегі білім басқармалары бұл функцияны бастауыш және орта сыныптарда бір жылға шектеген еді. Алайда Google оны іздеу жүйесінен толық алып тастау мүмкін емес екенін мәлімдеді. Осыдан кейін бірқатар мектеп ақылды зерденің жауаптарын өздері бұғаттай бастаған.

Сондай-ақ оқыңыз: