Мәжіліс республикалық бюджетті бекітті
Қызу талқыдан кейін Мәжіліс 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті қабылдады.
Құжаттағы болжам бойынша, ел экономикасының кірісі келесі жылы 19,2 трлн теңге жетеді. Ал 2027-де бұл көрсеткіш 21 трлн теңгеден асып, бір жылдан кейін 23,2 трлн теңге болады. Ал шығындардың көрсеткіші сәйкесінше 27,7 трлн-нан басталып, 29,7 трлн теңге дейін барады. Ал ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт жыл сайын шамамен 2,8 трлн теңгені құрайды. Сонымен қатар ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін заң жобасына 1 трлн теңгені қайта бөлу бойынша түзетулер енгізілді.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Біраз ескерту де айтылды. Сонымен қатар конструктивті ұсыныстар да берілді. Үкіммен осы ұсыныстардың барлығын ескеруге тиіс. Өйткені еліміз алдағы жылдары осы құжатқа, яғни республикалық бюджетке сүйеніп тіршілік ететін болады. Бюджет жобасы ұзақ жылдан бері алғаш рет ұлттық қордан қосымша нысаналы трансфертсіз әзірленіп отыр. Бұл толыққанды ұлттық қорға сүйенбеген бюджет қабылдадық деген сөз.
Айта кетейік, бюджет саясаты бұрынғыдай негізгі басымдықтарды дамыту болып қала береді. Оның ішінде әлеуметтік міндеттемелерді толық және уақытылы орындау, ғылым, білім және медицинаны қолдауды арттыру бар. Осылайша, бірінші кезекте құжатта адами капиталға назар аударылды.