Еліміз — Орталық Азиядағы АҚШ-тың сенімді серіктесі

30 жылдан аса уақытта дипломатиялық қарым-қаты­нас­ арқылы бірқатар салада бірлескен жоба­лар мен бағдарламалар жүзеге асырылды. Бұған қоса аймақтағы америкалық ин­вес­тицияның 80 пайызы елімізге тие­сілі.

Статистикаға сүйенсек, тәуелсіздік ал­ған­­­нан бері АҚШ-тан елімізге тартылған тікелей инвестиция 60 млрд доллардан асты. Былтыр шамамен 869 млн дол­лар­­­­ды құрады. Қазір елде 630-дан аса АҚШ компаниясы жұмыс істейді. Жаңа келісім Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, өзара сенімді нығайтуға бағытталды. Ал сарапшылар еліміздің халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі ретінде өз миссиясын мінсіз атқарып келе жатқанын айтады. Әсіресе Еуразиялық кеңістікте қауіпсіздікті, жүйелі даму мен өркендеуді қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып отыр.

Нұргелді Әбдіғаниұлы, саясаттанушы:

- Қазақстан өзінің 30 жылдан аса уақыт бойы ұстанып келе жатқан мықты бағаты бар. Бұл көпжақты саясат. Яғни Батыспен де Шығыспен де басқа тараппен де тең құқылы саясатты ұстанып өз мүддесін қорғай білу. Сондықтан біз алдағы уақытта да осы бағыттан айнымай мемлекеттік мүддені бірінші орынға қоя отырып әрекет етуіміз қажет. Бұған Қазақстанның географиялық орналасу мүмкіндігі де сирекметалдарға, табиғи қорға байлығы да мүмкіндік береді.