Мемлекет басшысының мақаласы «Российская газета» басылымында жарық көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары қарсаңында «Российская газета» басылымында «Вечная дружба – путеводная звезда для наших народов» атты мақаласы жарық көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мақалада қос елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы туралы кеңінен қозғалған. Саясат, экономика, мәдениет және гуманитарлық салаларда өзара сенімге негізделген әріптестік жыл сайын нығайып келе жатқаны айтылған.