В. Путин Қ. Тоқаевты кездесуден кейін өзі шығарып салды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинның бейресми кездесуі 2,5 сағатқа созылды. Ымырт жабылып, қас қарайғанға дейін жалғасқан жүздесуден кейін Ресей президенті жоғары мәртебелі мейманды жеке өзі шығарып салды.
Саясаткерлер қоштасуындағы жылы райды Қазақстан президентінің көмекшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram арнасында жариялады.