Қасым-Жомарт Тоқаевқа Өзбекстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды

Президент Шавкат Мирзиёев Мемлекет басшысын «Жоғары дәрежелі достық» орденімен марапаттады.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл марапатты жеке өзіне ғана емес, тұтас Қазақстан халқына көрсетілген шексіз құрметтің белгісі ретінде қабыл алғанын атап өтті. Сонымен қатар өзбек көшбасшысының екі ел арасындағы достық пен тату көршілік байланысты нығайтуға қосқан үлесін айрықша бағалайтынын жеткізді. Ал Өзбекстан президенті Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктері мен елдің халықаралық аренадағы табыстары Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімімен тікелей байланысты екенін айтты.