Қазақстан мен Өзбекстан Бірлескен мәлімдеме қабылдады

Президенттер келіссөздің және Қазақстан мен Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды. Сондай-ақ мемлекеттер басшыларының қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті.