Қ. Тоқаев пен М. Пезешкиан Бірлескен мәлімдеме қабылдады

Иран президентімен өткен келіссөз қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Сонымен қатар екі ел делегациялары бірқатар маңызды құжаттармен алмасты. 

Олардың қатарында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарт, автокөлікпен халықаралық тасымал жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу хаттамасы, зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум бар.