Р. Скляр Корея елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр және Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті. 

Тараптар қазақстан-корей ынтымақтастығын дамыту келешегін талқылады. Машина жасау, ақпараттық технологиялар және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен инвестициялық жобалардың жемісті іске асқаны аталып өтті. Чжо Тэ-ик Қазақстан басшылығына қолдау мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, экономиканың түрлі саласында екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.  

Сондай-ақ Елші Чжо Тэ-ик Қазақстанның Халықаралық атом энергиясы агенттігіне қабылдануымен құттықтады. Дипломат Қазақстан уран саласындағы маңызды ойыншы екенін айтып, атом электр станциясын салуда сәттілік тіледі.