Президент Санкт-Петербургке барады
21-22 желтоқсан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласына барады.
Ақорданың ресми телеграм арнасының хабарлауынша, мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады.