Бейбітшілік кеңесі Жарғысына қол қойылды

Давоста АҚШ президентінің бастамасымен құрылған халықаралық орган – Бейбітшілік кеңесінің төрағасы болып Дональд Трамп атанды. 

Ол өз сөзінде қарулы қақтығыстарды реттеуге қол жеткізетінін және жаңа құрылым Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастықта жұмыс істейтінін мәлімдеді. Жалпы Ақ үй басшысы Бейбітшілік кеңесіне 60-тан астам саяси көшбасшыны шақырды.