Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтеді

Бүгін бас қалада Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның  алғашқы отырысы өтеді.

Комиссия құрамына Парламент депутаттары, мәслихат басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен мемлекеттік қызметшілер енді. Комиссияның мақсаты – елдің негізгі заңына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу. Отырыс сағат 14:00-де басталады. 24KZ телеарнасы тікелей ақпарат таратады. Сондай-ақ арнайы сайтымыз бен әлеуметтік желілердегі парақшалардан тың жаңалықтарды тамашалай аласыздар.